{metadescription}
14 - 75 жас аралығындағыларға 70 мыңнан төленеді — жалған ақпар
14 - 75 жас аралығындағыларға 70 мыңнан төленеді — жалған ақпар

14 - 75 жас аралығындағыларға 70 мыңнан төленеді — жалған ақпар

14-75 жас аралығындағы қазақстандықтарға 70 мың теңгеден төленеді деген ақпарат өтірік. Әлеуметтік желілерде тарап кеткен роликтің жалған екендігін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ескертіп отыр.

Фейк ақпаратқа сәйкес, азаматтардың өтемақы алуы үшін сілтеме арқылы өтіп, «20 қыркүйекке дейін өтінім беру керек» екен. Ешбір ресми органдардың сайтында әлеуметтік төлем туралы еш ақпарат жоқ. Оған қоса, елімізде мұндай төлеммен айналысатын арнайы әлеуметтік қор да жоқ. Қазір мұндай күмәнді роликтер жасанды интеллект көмегімен дайындалады. Сондықтан азаматтарға аса сақ болған абзал.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі:

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске саламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде