{metadescription}
0:000:00
«Ел көрмеген видео». Әйелін пышақтап өлтірген күдіктіге сотта сөз берілді

«Ел көрмеген видео». Әйелін пышақтап өлтірген күдіктіге сотта сөз берілді

Ел көрмеген видео. Алматыда күйеуінің қолынан қаза тапқан Әл-Бейне Зарипованың өліміне қатысты атышулы іс жалғасып жатыр. Бүгінгі процесте тергеушілер мен криминалистердің мәйітті тексергенде түсірілген кадрлар көрсетілді. Видео марқұмның жақындарын түгел жылатты. Айыпталушы Сабыржан Зариповқа да сөз берілді.

Денесі мен бет-аузы қанға боялған Әл-Бейненің мәйіті бетоннің бетінде қатып қалған күйі жатыр. Соңғы сұғылған пышақ мойын тұсына терең қадалғаны сонша, полицейлер оны суыра алмай тіпті сабын сындырып алады. Тергеушілер мен криминалистердің оқиға орнын тексеру кезінде түсірілген кадрлар марқұмның жақындарына ауыр тиді.

Жақындары жасқа толы көзін жауып жатса, Әл-Бейненің бұрынғы күйеуі міз бақпай тігінен қарап тұр. Сот отырысында айыпталушының оқиға орнында куәлік ету кезінде түсірілген видеосы да жарияланды. 48 жастағы Сабыржан Зарипов әйелін қызғаныштан қалай өлтіргенін бүге-шүгесіне дейін айтып берді.

«Көзіме шөп салғаның үшін ұялмайсың ба» деп сұрадым. Ол аузынан темекісін тастап, менің алдымда өкінбейтінін, ұялмайтынын айтып күлімсіреді. Осыдан кейін өзімді нашар сезініп, қолыма пышақ алдым. Сөйтіп, денесіне бес рет соққы жасадым.

Бұған дейін де, бүгінгі сотта да сөз сөйлегендердің бірауыздан айтатыны, көргені бір Әл-Бейне күйеуінен талай мәрте таяқ жеп, ажырасуға бел буған.

Марзия Хамзина, марқұмның туысы:

Оны жұмысқа да шығармайтын. Қолының, шынтағының көгеріп кеткенін көрдім. Әл-Бейне маған «мынандай тозақта өмір сүре алмаймын» деп, күйеуімен ажырасатынын айтқан. Сабыржанның мұндай қадамға неге барғанын түсінбеймін. Әйелін өлтіріп, қызын жетім қалдырды.

Бүгінгі процесте айыпталушыға да сөз берілді. Айтуынша, екеуінің арасындағы қарым-қатынас былтырдан бері бұзылған.

Сабыржан Зарипов, айыпталушы

Қараша айынан бастап Әл-Бейненің мінез-құлқы күрт өзгерді. Менімен сирек сөйлеседі. Бар уақытын сериал көруге жұмсайтын. Сұрақтарыма жай ғана «иә, түсінікті, мхм, жарайды» деп, қысқа қайыратын. Тамақ дайындау сынды үй шаруасын тоқтатты. Сол түні «менен басқа адамың бар ма?» деп сұрадым. «Иә, бар, сен оны танымайсың» деді. «Біз онымен екі рет кездестік» деді.

Қазір 48 жастағы Сабыржан Зарипов екі баппен айыпталып отыр. Негізгісі адам өлтіру. Бірақ марқұмның жақындары Сабыржанның аффект жағдайында емес, аса қатігездікпен өлтіргеніне сенімді. Сондықтан бапты ауыстыруын сұрап, сотқа өтінішхат қалдырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.