«Өлтіріп жатыр». Ақтөбеде әйелдің қоңыруына мән бермеген құтқарушы сотталды
Ақтөбеде қандықол қылмыскерден арашалауды сұрап хабарласқан әйелдің қоңыруына мән бермеген құтқарушы сотталды. 112 құтқару қызметіне марқұм «мені өлтіріп жатыр»» деп айтып үлгерген. Бірақ кезекші кімнің, қайдан хабарласқанын анықтауға асықпаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
18.09.2024
Оқиға осыдан үш ай бұрын болған. Көлігін сатпақ болған әйел сатып алушымен кездеседі. Қылмыскер артқы орындыққа жайғасып, әйелді белдікпен тұншықтыра бастаған. Сол кезде марқұм телефонымен соңғы рет 112 нөмірін теріп, өзін өлтіріп жатқанын жанұшыра айтып үлгереді. Бірақ телефонды көтерген жедел кезекшінің көмекшісі ешкімге айтпай, хабарламаны елемеген. Тәртіп сақшыларына хабар да бермеген. Енді ол қызметіне салғырт қарағаны үшін екі жыл түрмеде отырады тын болды.
Судья аймақтағы төтенше жағдайлар департаменті басшылығына қатысты қаулы қабылдады. Себебі құтқарушылардың 112-ге көмек сұрай хабарласқанына мән бермеуі алғаш рет болып тұрған жоқ.
Жансая Таирова, Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы:
— Мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан үш жылға айыра отырып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушінің азаматтық талап арызы өтініші бойынша қараусыз қалдырылды. Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментіне тиісті шара қолдану үшін сотпен жекеше қаулы шығарылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!