{metadescription}
Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан анықталды
Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан анықталды

Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан анықталды

Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан ауруы шықты. Қарқаралы ауданындадағы Сартау қыстағында бірден 14 бұзау баудай түсіп, карантинге жабылды.

Қарқаралы ауданы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында 15 шақты бұзау айналдырған екі үш күнде арам қатқан. Аумақтың ветинспекция мамандары өлекселерден сынама алып зертханаға жолдаған. Сараптама қорытындысы ірі қаралар қарасан жұқтырғанын растаған. Бұл кесел негізінен аша тұяқты жас төлге топырақ пен лай судан жұғады. Асқынғанда бұлшық еті қабынып, ішек-қарны мен бауырын ыдыраты да, арам қатырады екен. Қазір қолда бар малдың бәріне екпе салынып, қора жайлар залалсыздандырылды. Қыстау карантинге жабылды.

Ержан Бекетбаев, ҚР АШМ Қарағанды облысы ветеринария инспекциясының басшысы:

Карантин қойылуына байланысты өлім-жітімге ұшыраған малды,он төрт басқа республикалық бюджеттен нарық бағасы төленеді. Топырақтағы инфекция малға қауіпті. Төлдерге қауіпті, ол көтере алмайды. Үш айлықтан бір жылға дейінгі, ал ересек мал оны жұқтыра қаймады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде