«Сағаттап күтесің». Мәжілісмен жедел жәрдем мәселесін көтерді
Мәжілісмен Данабек Исабеков сағаттап жедел жәрдем күтіп жүрген қазақстандықтардың базынасын көтерді. Ол осы жазда ауыр халдегі әкесіне дер кезінде дәрігер шақырта алмапты. Жедел жәрдем жарты сағатқа кешігіп, әкем көз жұмды дейді депутат.
Автор: Айжан Шамшидин
18.09.2024
Данабек Исабеков, Мәжіліс депутаты:
— Ірі қаладан бастап, кенттер мен ауылдарға дейін нормамен белгіленбеген уақытта жедел жәрдем қызметі жетпейтінін жиі естиміз. Мұндай жағдайды жақында біздің әулетіміз де басынан кешірді. Нақтырақ айтқанда, 23 шілдеде әкем кенеттен ауырып, жедел жәрдем қызметіне сағат 13.50 шақырту берілді. Алайда жәдел жәрдем 30 минутта келді. Бұл аралықта әкемнің жағдайы ауырлап кетті.
Депутат отбасындағы қайғылы жағдаймен бөлісе отырып, жедел жәрдем қызметінің пациентке жету уақытын қайта қарауды ұсынды. Ауру санатына қарай көмекке асыққан ақ халаттылардың да келу мерзімі бірізділенсе деген пікірде. Себебі, құжат жөнінде науқастар «шұғыл», «шұғыл емес» деп бөлінгенімен, көп жағдайда дәрігердің жедел көмек көрсетуіне көлік тапшы. Сондықтан жанына ауры батқан жандарға дер кезінде жету үшін жедел жәрдем қызметіне жекеменшік секторды тарту қажет деп отыр депутат.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!