{metadescription}
Жол ережесін бұзғанды видеоға түсіріп, кінәліні анықтауға көмектескенге — сыйақы
Жол ережесін бұзғанды видеоға түсіріп, кінәліні анықтауға көмектескенге — сыйақы

Жол ережесін бұзғанды видеоға түсіріп, кінәліні анықтауға көмектескенге — сыйақы

Жол ережесін бұзғандарды әп-сәтте видеоға түсіріп, кінәліні анықтауға көмектескен куәгерлерге сыйақы беріледі. Ішкі істер министрлігінің бұл бастамасы қазір ашық талқылауда. Олар мұндай "қоғамдық көмекшілер" тәртіпті сақтауда өз септігін тигізеді деп сенеді.

Құқық бұзудың алдын алып, жолын кесуге жәрдемдескенді ынталандыру да көзделіп отыр. Мәселен, бейнежазбаны уәкілетті органдарға жіберген азамат құқық бұзғаннан өндірілген айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен марапатталмақ. Тағы бір нұсқасында әкімдіктер оларға қоғамдық көлікте тегін жүру немесе көлігін тұраққа тегін қою сынды жеңілдік ұсынуы мүмкін.

Айта кетейік, азамат алған сыйақысын қайырымдылық ұйымдарына аудара алады. Ішкі істер министрлігі дайындаған заң жобасы 8 қазанға дейін қоғамда талқыланады.

Азамат Құрымбаев, ҚР ІІМ ӘПҚ басқарма бастығының орынбасары

Бейнежазбаға қойылатын талаптар мен сыйақы төлеу мерзімін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен айқындау ұсынылады. Бұл негізінен абаттандыру ережелерін бұзу, ластау, инфрақұрылымды жою немесе зақымдау. Қазір төлеу мен оны іске асыру механизмі туралы айту әлі ерте. Сол себепті құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы заң жобасы ұсыныстар мен ескертулер жинау үшін Ашық порталға орналастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.