{metadescription}
Балқашта былтыр басталған жағалау құрылысы ұзаққа созылды
Балқашта былтыр басталған жағалау құрылысы ұзаққа созылды

Балқашта былтыр басталған жағалау құрылысы ұзаққа созылды

Балқаш тұрғындары күрделі жөндеуге жабылған жағалаудың құрылысы сағызша созылды деп наразы. Кешенді жұмыс былтыр басталып, содан бері жағажай қоршалған күйі тұр.

Роза Анатольева:

Екі жыл болды, біз, зейнеткерлер, жағалауға жете алмай қалдық. Бұрын шама-шарқымыз жеткенше көл жағасында қыдырушы едік. Қазір ол жоқ. Мына алаңды ғана айналамыз. Құрылысы сағызша созылып кетті. Неге екені бізге белгісіз.

Жағажайдағы күрделі жөндеу былтыр маусым айында басталған. Содан бері тұрғындар көлді көре алмай отыр. Аптап ыстыққа шыдамағаны қоршаудан секіріп барып суға түсіп жүр. Құны 4 миллиард тұратын жобада аспалы көпірлер, субұрқақтар мен көлге апаратын әдемі жол салынуы тиіс еді. Бірақ бір жылдан бері ештеңе өзгермеген. Сондықтан суық түскенше жағалауды ашуды талап етуде. Ал қала әкімдігі, әдетінше, жұртты сабырға шақырып, жақын арада жаңа жағажайда серуендеуге мүмкіндік болады деп отыр.

Берік Бекмағамбетов, Балқаш ТКШ бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

Ол жерде негізгі жұмыс   жерді өңдеу. Көзге көрінбейді, топырақ пен құм төгіп, кеспетасты төсеу уақыт пен күшті талап етеді. Оның сыртында су ағатын құбырларды төсеу мен жарықтандыру да бар. Аяқталу мерзімі осы жылдың аяғы, яғни қазан айының соңында тапсырамыз деп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде