{metadescription}
11 жастағы қыздарды папиллома вирусына қарсы вакциналау  басталды
11 жастағы қыздарды папиллома вирусына қарсы вакциналау  басталды

11 жастағы қыздарды папиллома вирусына қарсы вакциналау басталды

Елімізде жатыр мойны обырының алдын алу үшін папиллома вирусына қарсы 11 жастағы қыз балаларға вакцина егу басталды. Препарат АҚШ-тан әкелінген. Әлемнің 135 елі пайдаланып жүрген, сынақтан толық өткізілген деп отыр жауапты мамандар.

Қазақстанға вакцинаның 350 мың дозасы жеткізілген. Бұл препаратпен 175 мың қыз бала егілуі тиіс. Қазір облыстарға жеткізіліп, егу жұмыстары басталып кеткен.

Жатыр мойыны обырының алдын алу үшін папиллома вирусына қарсы екпе мектептегі медицина кабинеттерінде жүргізіледі. Кәмелетке толмаған қыздарды вакциналауға міндетті түрде ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі қажет. Егер ата анасы ем-шараны жергілікті емханада жасатқысы келсе, оған да мүмкіндік жасалған.

Қыздарға мұндай вакцинаның қажеттігіне аналар арасында обыр ауруының көбеюі себеп. Елімізде жылына аталмыш аурудың 2 мыңға жуығы тіркеледі екен. Ал қатерлі ісіктен өлім-жітім, басқа аурулармен салыстырғанда екінші орында. Вакцинадан келетін қауіп жоқ, тек жаман дерттің алдын алу көзделген деп отыр мамандар.

Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы:

Вакцинадан кейін кері әсері, осы вакцинаны қолданғаннан кейін болуы мүмкін. Ол: қызуы көтерілуі, реакциялар. Ауыр реакциясы анафилакциялық шок. Бірақ Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, осы уақытқа дейін, соңғы мәлімет бойынша, 270 миллион доза енгізілген, ал ауыр реакция дүниежүзінде тіркелген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде