{metadescription}
"Ел үміті". Әлеуметтанушылар ауыл-аймақтағы білім беру сапасын талқылады
"Ел үміті". Әлеуметтанушылар ауыл-аймақтағы білім беру сапасын талқылады

"Ел үміті". Әлеуметтанушылар ауыл-аймақтағы білім беру сапасын талқылады

Алматыда әлеуметтанушылар білім беру саласындағы мәселелерді жан-жақты талқылады. Қазақстанның әлеуметтану зертханасы мен Narxoz университеті ұйымдастырған шараға көп маман жиналды.

Әлия Сәрсекеева, Kazakhstan Sociology Lab әлеуметтанушылар мектебінің меңгерушісі:

Әлеуматтанушылардың отырысында біраз маңызды тақырып талқыланды. Соның бірі Қазақстандағы білім беру әлеументтануы сессиясында ауылдағы білім беру мәселесі айтылды. Оның лингвистикасы және әлеуметтік-экономикалық аспектісі қаралып, біраз шешім қабылданды. Шараны Қазақстан әлеуметтану зертханасы мен Narxoz университетімен бірігіп алғаш рет ұйымдастырылды.

Жиында мамандар білім саласындағы шығынды талқылап, оны мейілінше қолжетімді етудің жолын айтты. Елімізде негізінен жоғары білімге мемлекеттен кемі 300 мың теңге, кәсіптік орта білімге 180 мың теңге төленеді. Студентті жатын орынмен қамтуға, жоқ дегенде, 150 мың теңге жұмсалады. Дәл қазіргі жағдайда бұл да аз деп санайды әлеуматтанушылар.

Ауыл-аймақта білім беру сапасының төмен екенін де айтылды. Келелі жиынға "Ел үміті" корпоратив қоры да қолдау көрсетті.

Раушан Италмасова, Narxoz университетінің әлеуметтік жұмыс, білім алу бағдарламасының басшысы:

Бұл әлеумет мектебі маңызды шара. Төрт жыл бұрын бірігіп, әлеумет жұмысы бағдарламасын аштық. Мақсат танысу, бір-бірімізге көмек көрсету. Әртүрлі тақырып. Мысалы, бүгін білім беру саласындағы өзгерістер айтылып, оны әлеумет тұрғысынан талдаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде