{metadescription}
Алматы облысы: Жер үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты
Алматы облысы: Жер үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

Алматы облысы: Жер үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

Алматы облысында жер үйлердің бірінде газ жарылып, бір адам қаза тапты. Үй иесі қирандының астында қалып қойған. Жарылыстан көршілес орналасқан баспаналар да бүлінді. Алты үйдің терезесі шытынап, қабырғасы қираған. Ал жарылыс болған үй жермен-жексен болды. Оқыс жағдай жылу жүйесіндегі ақаудан болуы мүмкін.

Жарылыстан Жалпақсай ауылындағы үй қирап қалды, енді тұруға жарамсыз. Болжам бойынша, апатқа баспапаны жылытататын қазандықтағы ақау себеп. Жарылыс толқынының күшті болғаны соншалық, көршілес орналасқан алты үйге зақым келген.

Қайғылы оқиға кеше кешкі алты шамасында болған. Көршілердің айтуынша, дәл осы үйге курьерлер тұрмыстық техниканы алып келген. Сол сәтте жағымсыз иісті сезіп, үй иесін ескертіп, шыға берген кезде екіқабатты үй жарылыпты. Үйде 66 жастағы қожайыны болыпты.

Артем Беличенко:

Апаттан кейін көршімді мамандар алып кетті. Олар оны қирандының астынан алып шықты. Мен тірі деп ойладым. Бірақ біраз уақыттан соң көршімнің қайтыс болғанын естідім. Ол үйде жалғыз болған. Курьерлер көлікпен келген. Тоңазтқыш әкелген көрінеді.

Жарылыстан көршілес орналасқан алты үй бүлініп, ішінде жапсарлас орналасқан Артем Беличенконың үйі қатты зақымданыпты. Бір жақ қабырғасы түгел қирап, терезелері шытынаған. Сол сәтте үйде оның әйелі мен екі қызы болыпты. Жарылыстан олар әлі өз-өзіне келе алмай жүр.

Артем Беличенко:

Үйіміз апатты жағдайда. Жарылыс толқынынан баспанамыздың қаңқасы, плитасы, төбесі мен есіктері 20 сантиметрге дейін жылжып кеткен. Біраз шығынға баттық.

Ал жергілікті газға жауапты мамандар апаттың болжамды себебін айтты. Олар бұл жағдайға газдың ауаға тарлуы себеп болуы мүмкін деп отыр. Оқыс оқиғаның мән-жайы тексерістен соң белгілі болмақ.

Ерлан Тойжан, «Алматыгазсервис-холдинг» АҚ президент компаниясы:

Құрылғысы, барлығы дұрыс жерде, ас бөлмесінде. Қабырғада пеші тұр, қазандық пен газплита тұр. 2024 жылы маусымда қызмет көрсетілген. Газ шығып кетуі мүмкін. Көп шыққанда үлкен жарылыс болады. Басқа ештеңе айта алмаймын. Тергеу жүріп жатыр. Мүмкін газ баллоны жарылуы мүмкін. Біз білмейміз ғой әлі. Сол үшін тергеу жүргізілсін, қорытынды шықсын.

Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.  Ал төтенше жағдайлар қызметкерлері жылыту маусымы алдында пеш, мұржа мен құбырларды бір тексеріп барып алып қосу керек деп ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде