{metadescription}
Алаяқтардың жаңа әдісі: Ұлттық банктің атынан хабарласып жатыр
Алаяқтардың жаңа әдісі: Ұлттық банктің атынан хабарласып жатыр

Алаяқтардың жаңа әдісі: Ұлттық банктің атынан хабарласып жатыр

Алаяқтар қазақстандықтардың қалтасын қағудың жаңа әдісіне көшкен. Енді пысықайлар тұрғындарға Ұлттық банктің атын жамылып хабарласатын болған. Ал қаржы нарығын реттеуші ұйым қызметкерлері жеке тұлғаларға қоңырау шалып, СМС жібермейміз дейді.

Алаяқтар қитұрқы әрекетке бірден көшпейді екен. Әуелі телефон тұтқасын көтерген адамға коммуналдық қызметтің немесе ұялы байланыс операторы ретінде таныстырып, «SIM картаңыздың қолдану мерзімі өтіп кетті» деп алдайды. Құрығына ілінгеннен кейін абонентке сілтеме жіберіп, соған өткен адамның шотындағы немесе банк қосымшаларындағы ақшасын бір тиынын қалдырмай сыпырып алады, одан соң басқа нөмірден хабарласады.

Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі:

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтық әрекетке тән жаңа схема пайда болғанын ескертеді. Қаскөйлер өзін коммуналдық қызметтің немесе ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырады. Алаяқтар ұялы телефонға келген хабарламаны өзіне жіберуді, қауіпті сілтемеге өтіп, қосымшаны жүктеуді немесе мессенджердегі жаңа функцияны іске қосуды, я болмаса дербес деректерін хабарлауды сұрайды. Кейін телефонға қосылып алған соң, қаскөйлер азаматтың қаражатын ұрлап, SIM-картасының виртуалды көшірмесін қосып алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде