{metadescription}
АЭС салу: Қауіпсіздік — халықаралық ұйымдардың бақылауында болмақ
АЭС салу: Қауіпсіздік — халықаралық ұйымдардың бақылауында болмақ

АЭС салу: Қауіпсіздік — халықаралық ұйымдардың бақылауында болмақ

Халық штабының өкілдері еңбек ұжымдарына АЭС салуға қатысты ақпаратты түсіндіріп жатыр. Бүгін мәжіліс депутаттары Астанадағы тігін цехының қызметкерлерімен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Қатардағы жұмысшылар еңбек өнімді болу үшін ең әуелі энергия көзі жеткілікті болуы керек деп санайды.

Гүлмира Мұрсалова, ҚР Энергетика министрлігі, Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары:

Негізі халықта түсінік бар, бізге тұрақты энергия қажет деген. Электр энергияны шекаралас мемлекеттерден сатып алмай, Қазақстан өз-өзін қамтамасыз ету керек. Әрине, қауіпсіздік жайында сұрақтар туындайды. Қазір әлемде 415 реактор жұмыс істейді. Реакторладың қауіпсіздік деңгейі өте жоғары. Арнайы қауіпсіздік жүйесі енгізілген халықаралық ұйымдардың бақылауында. МАГАТЭ инспекциясы, миссиясы  бәрі шақырылады. Бүкіл жұмыс тексеріледі.

Әскери киім тігуге маманданған кәсіпорын елордалық индустриалды парк аумағында жыл басында жұмысын бастады. Киім-кешек қазақстандық күш құрылымдарының қызметкерлеріне тігіледі. Мұнда айына екі мыңнан аса арнайы киім шығарады. Болашақта өндірісті төрт мыңға жеткізу жоспарда бар.

Осы және өзге де кәсіпорындардың жұмыс әлеуетін арттыру бағытында электр қуатының атқаратын рөлі ерекше. Ал оның тапшылығы қазірдің өзінде еліміздің кейбір аймағында сезіле бастады дейді депутаттар. Соңғы талдауларға сәйкес, электр энергиясының жетіспеушілігі тәулігіне 1 гигаваттан асады. 2035 қарай энергия тұтыну деңгейі 25-30 пайызға өседі деген болжам тағы бар. Мәжілісмендер атом электр станциясының құрылысы – ұзақ мерзімді жоба, яғни 10-15 жылды қажет етеді деп отыр. Сондықтан энергия тапшылығы мәселесін көпке апармай, қазір шешу керек деп санайды.

Дәулет Тұрлыханов, Мәжіліс депутаты:

Бір күндік жұмыс емес. Бірақ болашақты ойлау керек. Бұл экономиканың өсуі, көптеген инвестордың зауыт-фабрика салуы. Олар да электр энергиясын қажет етеді. Қауіпсіздік жағы, Балқаш суының жетіспеушілігі бәрі көзделінген. Ол жоба жасалған кезде айтылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде