«Екінші өрлеу». Астанада мүсінші Юнус Сафардиярдың көрмесі ашылды
«Екінші өрлеу». Астанада дәл осындай атаумен әлемге танымал мүсінші Юнус Сафардиярдың көрмесі ашылды. Британдық шебердің ерекше туындыларын өнерсүйер қауым 17 қарашаға дейін Ұлттық музейден көре алады. Берері көп бірегей шара мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп отыр.
Автор: Мерей Қалиасқар
19.09.2024
Юнус Сафардияр өнер әлемінде түрлі материал мен әдісті біріктіретін монументал мүсіндердің авторы ретінде танымал. Оның «Екінші өрлеу» жобасында тарихи даму динамикасы мен өркениет трансформациясының жай-күйін байқауға болады. Ерекше инсталляция мен мүсіндер орнатылып, визуал және семантика сарынын байланыстыратын бейнежазбалар ұтымды көрініс тапты.
Айта кетейік, шебердің көрмелері мен аукциондары 1986 жылдан бастап өтіп келеді. Бүгінде дарынды мүсіншінің жұмыстары Санкт-Петербор, Нью-Йорк, Флорида мен Лондонның музейлері мен жеке коллекцияларда сақтаулы.
Ұлттық музейде оның 20-ға жуық мүсіні ұсынылған. Автордың айтуынша, әр өнер туындысы адамзаттың тарихын бейнелейді.
Юнус Сафардияр, мүсінші:
— Қазір постмодернизмде қатып қалған бір бағыт немесе жалпы мағына жоқ. Әр адам өз қиялына ерік беріп, туындыны өзінше көреді. Мысалы, жанып кеткен құбырға ұқсас инсталляцияға назар салсақ, ең әуелі оның үлкендігіне емес — ішіндегі жанып тұрған сәулесіне зейін қою керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!