{metadescription}
Шымкент: Шетелдік екі студент пәтерде улы газға тұншығып өлген
Шымкент: Шетелдік екі студент пәтерде улы газға тұншығып өлген

Шымкент: Шетелдік екі студент пәтерде улы газға тұншығып өлген

Шымкентте жалдамалы пәтерден шетелдік екі студенттің мәйіті табылды. Олар улы газға тұншығып өлген екен. Осы баспанада тұратын тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген.

Үндістаннан келіп, медициналық академияда оқып жүрген бес студент бірге пәтер жалдап тұрған. Екі бөлмелі үйдің бір бөлмесінен 19 және 23 жастағы екі шетелдіктің денесі табылды. Олар ұйқысынан оянбай қалған. Алдын ала болжам бойынша, газ иісіне тұншығып қайтыс болған. Бірақ газ пеші мен жылыту құрылғысын тексерген мамандар «ешқандай ақау таппадық» дейді. Ал ауруханаға жеткізілген үш студентте улану белгілері бар.

Мадина Ермаханбетова, Т. Орынбаев атындағы гипербария-оксигенация орталығының бас дәрігері:

Диагнозы: көмірқышқыл және табиғи газдан болған жеңіл дәрежелі улану. Токсиколог мамандар қарады. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде