{metadescription}
Алматы: 13 адам мерт болған хостелдегі өртке қатысты іс сотқа жіберілді
Алматы: 13 адам мерт болған хостелдегі өртке қатысты іс сотқа жіберілді

Алматы: 13 адам мерт болған хостелдегі өртке қатысты іс сотқа жіберілді

Алматыда 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Айып тағылған екі адам енді Алмалы ауданының сотында жауап бермек.

Олардың бірі  бұрынғы қару-жарақ дүкенін қайта жабдықтап хостелге айналдырған азамат, ал екіншісі ғимаратта өрт дабылын орнатқан фирма басшысы. Дерек ҚР ҚК «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен тіркелді. Айыпталушылардың кінәсі дәлелденген жағдайда олар 3-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, қайғылы оқиға былтыр 30 қарашада Шәріпов көшесіндегі хостелде болған. Өзге қаладан келген жастар тұрып жатқан нысанда өрт шығып, жалын құрсауы мен көк түтіннен шыға алмаған 13 адам бақилық болған. Марқұмдардың екеуі  Ресей, екеуі  Өзбекстан, ал қалғаны Қазақстан азаматы. Көп ұзамай хостелдің иесі ұсталып, қамауға алынған еді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде