{metadescription}
Алаяқтар «ЭнергоСбыт» атынан қоңырау шала бастаған
Алаяқтар «ЭнергоСбыт» атынан қоңырау шала бастаған

Алаяқтар «ЭнергоСбыт» атынан қоңырау шала бастаған

Алматылықтардың телефонына тыным жоқ. Соңғы екі аптада алаяқтар жарық беретін компанияның атынан хабарласып, йінде электр есептегіш құралын ауыстыруын сұраған. Алайда «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының өкілдері абоненттерге мұндай мәселемен лер қоңырау шалмайтынын айтты.

Олардың айтуынша, жарық компаниясының қызметкерлері тек қарызы бар адамға хабарласады. Ал есептеуіш құралдарының жұмысын тексеру «Алатау жарық» компаниясының құзырында. Бірақ олар ескертуді жазбаша түрде түбіртекпен қоса жолдайды. Сондықтан есептеуіш құралын сатып алуды ұсынып немесе жеке дерек талап еткен адаммен әңгіме қысқа болуы керек деп отыр.

Айта кетейік, Алматыда электр энергиясына қарыз азаматтар саны 17 мыңға жеткен. Тағы 250 заңды тұлға жарыққа уақтылы төлем жасамаған. Жарыққа жалпы берешек 1 жарым миллиард шамасында.

Жеңісбек Жолдасов , «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры

Ресми түрде мәлімдейміз: «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қызметкерлері жылжымайтын мүлік иелерімен тұтынылған электр энергиясы үшін берешек мәселелері бойынша көбінесе байланысады. Оператор әрдайым өзін таныстырады, қарыз сомасын хабарлайды және төлем жасалмаған жағдайда электр қуатының үзілуі мүмкін екендігі туралы ескертеді. Есепке алу құралдарын ауыстыру сияқты басқа әрекет біздің компанияның міндетіне кірмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 қараша

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде