{metadescription}
«Блогердің қысымы». Атырауда күзетшінің өліміне қатысты іс қозғалған
«Блогердің қысымы». Атырауда күзетшінің өліміне қатысты іс қозғалған

«Блогердің қысымы». Атырауда күзетшінің өліміне қатысты іс қозғалған

Атырауда блогерлердің қысымынан кейін бақилық болды деген күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу бұзақылық бабымен жүріп жатыр. Алайда марқұмның туыстарының тарапынан құзырлы органдарға арыз-шағым түспеген. Қоғамдық резонанс тудырған жағдай болғаннан кейін, полиция істі жылы жауып қоя алмаған сияқты.

Мемлекеттік сараптама орталығына блогерлер келіп тұр. Мекемеге кіргізбей, құжатын сұрап тұрған 56 жастағы күзетшіге бағынбай, қарсылық көрсеткен. Әуесқой түсірілімде жасы үлкен кісіге өзін блогер дейтін ер адам мен әйелдің дауыс көтеріп, ар-намысына тиетін сөздер айтып жатқанын естуге болады. Осы жерде күзетшінің денсаулығы нашарлап, жедел жәрдем шақырған. Бірнеше аптадан кейін күзетші қайтыс болыпты.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:

  Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.