{metadescription}
«Өткелден өтуге асыққан». Алматы облысында пойыз жүк көлігін соғып кетті
«Өткелден өтуге асыққан». Алматы облысында пойыз жүк көлігін соғып кетті

«Өткелден өтуге асыққан». Алматы облысында пойыз жүк көлігін соғып кетті

Алматы облысында пойыз жүк көлігін соғып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Апат кеше кешкі сегіз шамасында Жармұхамбет ауылындағы теміржол өткелінде болған. Iveco маркалы жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші пойыздың келе жатқанына қарамай, теміржол өткелінен өтіп кетуге асыққан. Алайда жүк пойызы тоқтап үлгерсе де, рельсте тоқтап тұрған машинаның артқы жағын іліп әкеткен. Iveco жүк көлігі зақымдалған.

Қазір жол ережесін бұзған жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 мың теңге айыппұл төлеп, немесе алты айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.