{metadescription}
«600 келі тұқы мен мөңке». Ақмола облысында браконьерлер ұсталды
«600 келі тұқы мен мөңке». Ақмола облысында браконьерлер ұсталды

«600 келі тұқы мен мөңке». Ақмола облысында браконьерлер ұсталды

Ақмола облысында заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды. Жөкей көлінен 600 келі тұқы мен мөңкеге ау салған елордалық үш тұрғынға қатысты қазір тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында үрлемелі қайықтармен көлде заңсыз балық аулаған браконьерлердің өздері торға түсті. Оларды рейд жүргізген Ұлттық парк қызметкерлері мен полицейлер ұстаған. Заңды белшесінен басқан үш адамнан үрлемелі қос қайықпен бірге барлық құрал-жабдықтары да тәркіленді.

Әлия Біләлова, Ақмола облысы ПД жетекші маманы:

Таңғы сағат төрт шамасында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерімен бірге рейдте заңсыз балық аулау фактісін анықтап, үш адамды ұстады. Құрал-жабдықтары тәркіленді. Балықты заңсыз аулау бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде