{metadescription}
Ақтөбе облысы: Ойылда ет цехына малын сойып сатқандар ақшасын даулап жүр
Ақтөбе облысы: Ойылда ет цехына малын сойып сатқандар ақшасын даулап жүр

Ақтөбе облысы: Ойылда ет цехына малын сойып сатқандар ақшасын даулап жүр

Ақтөбе облысында төрт түлігін мал сою цехына сатқан шаруалар екі жылдан бері ақшасын даулап жүр. «Шетелге ет өткіземін» деген кәсіпкер осы уақытқа дейін түрлі сылтаумен тұрғындарды сандалтып қойған. Бизнесмен әрқайсысына 2-3 миллион теңгегеден қарыз. Жұрт сотқа да жүгінген. Бірақ оң шешім шыққанымен, қолына тиген бір тиын жоқ.

Кәсіпкерден мал ақысын даулап жүргендердің бәрі Ойыл ауданының тұрғындары. Екі жыл бұрын мал соятын цехта сиыр мен жылқы етін жаппай сатып алып жатқанын естігенде олар қатты қуанған. Бірақ артынан ақшасын ала алмай сандалып қаламыз деп ойламаған.

Гауһар Шотанова:

Ауылға ұсыныс түсті. «Мал алынатын көрінеді, Маханов Өркен деген кісі» деді. Өз ауылымыздың жігіті болған соң сеніп қалдық. Жылқы сойып апарып тастадым. Біздің ақ, адал еңбегіміз ғой! Мал баққан оңай емес. Сол еңбегімізді қайтарсын дейміз.  

Кәсіпкерге алпыстан аса ауыл тұрғыны мал өткізіпті. Алғашқылары ақшасын санап алып, кейінгілерге көк тиын ұстатпаған. Бизнесменнен қайран болмаған соң, жұрт сотқа да жүгінген.

Қази Тайбөрин:

 Мен жүз бас сойдым. Екі тоннадай ет болды. Сонымен үш жарым миллионымды ала алмай жүрмін. Бір тиын да алған жоқпын. Сотқа бердік. Сот біздің пайдамызға шешті. Бірақ ана фирма қазір жабылып қалған ба, атында ештеңе жоқ дейді.

Қытайлық компанияға ет жеткізуге жергілікті фирма тендер ұтып алыпты. Ойылдықтардан жиған сиыр мен жылқы етін сонда өткізген. Шаруаларға «қарыздың басым бөлігін қайтардым, енді қалғанынан жыл соңына дейін құталымын» деп, кәсіпкер ант-су ішіп отыр.

Күлән Кәрібекова, кәсіпкер:

Бір жыл бойы ай сайын он миллион, бес миллион, сөйтіп-сөйтіп бар адамға бердік. Ішінде зейнеткерлер де бар. Біз оны ... мен алып кетпедім, СНПС-ға апарып тапсырдық. Оның ішінен тапсырғандардан жалпы 20 пайыз жарамсызын жіберді. Содан біз шыға алмай қалдық. Бұл кісілер жыл аяғына дейін күтсін. Бөліп-бөліп беріп тастаймын. 

Шаруалардың онсыз да күтуден басқа амалы жоқ. Сот орындаушылары компанияның дүние-мүлкін тексеріп, есеп-шотын да бұғаттаған. Бірақ «өндіретін түгі жоқ» дейді. Енді үш айда уәдесі орындалар деген тек үміт қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 қараша

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде