{metadescription}
Дрифт: Алматыда көлігімен оңды-солды ойқастаған 21 жастағы жігіт жауапқа тартылды
Дрифт: Алматыда көлігімен оңды-солды ойқастаған 21 жастағы жігіт жауапқа тартылды

Дрифт: Алматыда көлігімен оңды-солды ойқастаған 21 жастағы жігіт жауапқа тартылды

Алматыда дрифт сүйер жігіт жазаланды. Түн ішінде қаланың қақ ортасында көлігімен оңды-солды ойқастаған 21 жастағы жүргізуші бес баппен әкімшілік жауапқа тартылды.

«БМВ» көлігін шыр айналдырып, айналаны көк түтін қылған жігіт өрескел қылығымен жаяу жүргіншілер мен өзге жүргізушілерге қауіп төндірген. Оқиға Достық даңғылы мен Сәтпаев көшесінің қиылысында түнгі бір шамасында болған. Жол ережесін бұзған азаматқа қатысты бес бірдей хаттама толтырылып, көлік айыппұл тұрағына жіберілді.

Ілияс Өмірсеріков, Алматы қаласы, ПД Медеу ауданы полиция басқармасының басшысы:

  Жол ережесін бұзған азаматқа қауіпсіздік белдігін тақпай, рұқсат етілмеген жерден бұрылып, түн тыныштығын бұзғаны, бұзақылық фактілері бойынша хаттама толтырылды. Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімішілік сотының шешімімен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде