{metadescription}
Отандық ғалымдардың атом энергетикасы саласында алатын орны ерекше
Отандық ғалымдардың атом энергетикасы саласында алатын орны ерекше

Отандық ғалымдардың атом энергетикасы саласында алатын орны ерекше

Атом энергетикасы саласында отандық ғалымдардың орны ерекше. Әлемнің бірқатар елдері қазақстандық мамандардың зерттеуімен санасып, берген кеңестеріне құлақ түреді. Ұлттық ядролық орталықтың халықаралық деңгейде аса сәтті жүргізген жұмыстары соған дәлел.

Мәселен, орталық қазір әртүрлі типтегі реакторларды, соның ішінде сулы реакторды жіті зерттеуде. Егер қазақстандықтар алдағы референдумда қолдап дауыс берсе, елімізде дәл осы түрі салынуы әбден мүмкін.

Орталық басшысы Ерлан Батырбеков Қазақстанға аса маңызды нысан туралы жұрт арасындағы негізсіз үрейді сейілту керек деп есептейді. Оның айтуынша, әлем елдері кезіндегі апаттардан тиісті сабақ алып, АЭС-ті барынша қауіпсіз етіп, қандай да бір ақаулардың алдын алуға жан-жақты күш салған. Көп жылғы еңбектің нәтижесінде реакторлар жоғары деңгейлі қауіпсіздік жүйесімен қамтылып, бірнеше күн бойы электр қуатынсыз-ақ жұмыс істей алатын деңгейге жеткен. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр маман.

Халықаралық маңдайалды медициналық ұйымдардың зерттеуіне сәйкес, адам өлімі бойынша анти тізімде АЭС соңғы сатыда. «Сол себепті, ең қауіпсіз әрі жоғары технологиялық энергия көзіне көшетін кез келді», - дейді халықаралық аренада өз орнын тапқан орталық басшысы.

Ерлан Батырбеков, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры:

Біз Фукусимадағы апатты кезең-кезеңімен талдай алған алғашқы және жалғыз орталықпыз. Біздің ғалымдарымыз Жапонияның белді компаниясының тапсырысымен эксперимент модельдеумен айналысты. Яғни олар химиялық және физикалық зерттеу жүргізіп, сол бетонды жердің астынан алып шығуға утилизацияға қатысты маңызды ұсыныстар берді. Біз осы уақытқа дейін атом энергиясы комиссариатының, Жапонияның ядролық энергия агенттігінің және «РосАтомның» ұсыныстары бойынша сәтті жұмыс атқардық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде