Көкшетауда көпқабатты үй өртеніп, 15 адам эвакуацияланды
Көкшетауда көпқабатты үй өртеніп, 15 адам эвакуацияланды. Олардың ішінде бес бала бар.
Автор: Мерген Тоқсанбай
20.09.2024
Өрт жетінші қабатта тұтанған. Электр сымдарының қысқа тұйықталуынан пәтердегі дүние-мүлік жанып, 12 жастағы бала мен бір жастағы сәби өртте қалып қойған. Жедел жеткен құтарушылар оларды аман алып шықты. Өрт сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 15 маман мен 4 арнайы техника жұмылдырылды.
Ерсайын Қойшыбаев, Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі:
— Өрт 30 минутта сөндірілді. өшірілді. Екі бала құтқарылып, 15 адам эвакуацияланды. Олардың бесеуі — бала. Өрт қауіпсіздігін сақтамаған. Ешкім өрттен зардап шекпеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары