{metadescription}
«Әкемді тонадым». «Иірім» бағдарламасында — лудоман жігіттің хикаясы
«Әкемді тонадым». «Иірім» бағдарламасында — лудоман жігіттің хикаясы

«Әкемді тонадым». «Иірім» бағдарламасында — лудоман жігіттің хикаясы

«Әкемді тонадым...». «Иірім» бағдарламасында — алты жыл құмар ойынның құлы болған жігіттің хикаясы. Букмекер кеңселердің небір қитұрқы құпиясын ашатын шытырман оқиғаға толы деректі фильм КТК арнасынан жексенбіде, 22 қыркүйекте көрсетіледі.

Бекзат Байсафаров жиырма жасында құмар ойынның құрығына түскен. Өзгелер тұрмақ, өз ата-анасын тонауға дейін барған жігіттің алты жылда нақты қанша адамнан алдап ақша алғаны есінде жоқ. Өз-өзіне екі мәрте қол салуға оқталған жігіт деректі фильмде, тіпті, туыстарына белгісіз жайттармен бөліседі. Бұрын өзі барып ойнаған букмекер кеңселерді көрсетіп, құмар ойынның қоғамға төндіріп тұрған қауіп-қатерлері жайлы сөз етеді.

Фильмде ойынқұмарлықтан емделген және әлі де болса емделіп жатқан қыз-жігіттерді де көруге болады. Ендеше осы жексенбіде сағат 21-00-де КТК арнасынан «Иірім» деректі фильмдер топтамасының кезекті шығарылымын өткізіп алмаңыз.

Бекзат Байсафаров, не деп жаздыңыз?

  Қандай қателік жасағанымды, қаншалықты жаман бала болғанымды. Әке-шешемді аямай жүргенімді, кешірім сұрап. Күйім, кәдімгі өз-өзіме қол жұмсап, бірақ.. негізі хат жайлы ұмытып кеттім, жалпы қазір есіме түсіп жатыр...

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде