Суицид: Курсанттың қазасына қатысты тергеу жүріп жатыр
Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен 18 жастағы жігіт секіріп өлді. Марқұмның мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны әзірше белгісіз.
Автор: Әсем Лесбек
23.09.2024
«Өзіне қол салды» делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсантының қазасына қатысты да тергеу жүріп жатыр. Қайғылы жағдай оқу орнына жақын, яғни Достық даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
Академия қайғылы жағдайға қатысты ақпарат бермеді. Ал полиция аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеп-тексере бастаған.
Алматы ПД баспасөз қызметі:
— Аталған факт бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!