{metadescription}
Жасөсірімдер арасындағы суицидтің себебі неде?
Жасөсірімдер арасындағы суицидтің себебі неде?

Жасөсірімдер арасындағы суицидтің себебі неде?

Жасөсірімдер арасындағы суицидтің себебі виртуалды ойындар ма? Перзентінің өміріне алаңдаған ата-аналар мектеп чаттарында түрлі тапсырма беріп, жаман әрекеттерге үгіттейтін барлық ойын-қосымшаларды түп-тамырымен жою керек деп санайды. Себебі мектеп оқушыларының арасында «Көліктің астына түс, биік қабаттан секір» деп бұйрық беріліп, бұлжытпай орындалуы тиіс кезеңдерден тұратын мобильдік ойындарды жүктеп алу жиілеген.

Татьяна Коршунова, Астана қаласы, ата-аналар қауымдастығының өкілі:

Қазір ата-аналар мен балалардың арасы жырақтап барады. Тұрмыс қамымен күні-түні ата-анасы жұмыста. Кешке қарай, әрі кетсе, 1-2 сағат қана тілдеседі. Чатымызда күнделікті болып жатқан жағдайға қатты алаңдап отырмыз.Тексеріп қарасақ, өзге емес, өз балаларымыздың ұялы телефонында қауіпті деп танылған ойындардың түр-түрі жүктелген.

Ішкі істер министрлігі де бала психологиясына әсер етіп баурап алатын қауіпті ойындарды «күн сайын бұғаттап жатырмыз» деп сендірді. Дегенмен құрығына түсіріп құрбан ететін платформалардың басты серіктестерінің ізіне түсу барлық жағдайда мүмкін болмай отыр.

Жыл басынан бері теріс бағыттағы шетелдік 22 мың сайт бұғатталыпты. Ал бір аптада төрт бірдей суицид орын алған Алматыдағы қайғылы жағдайдан соң, оқу-ағарту министрлігі қыркүйектің 23-і мен 27-сі аралығында барлық білім ошақтарында ата-аналар жиналысы өткізілетінін хабарлады. Мұнда балалардың қауіпсіздігі, тығырыққа тірелген, қауіпті ойын соңына кеткен оқушыны сол тұңғиықтан алып шығу тетіктері түсіндіріліп, тегін психолог көмегі ұсынылады.

ҚР Ішкі Істер министрлігі:

Ішкі істер министрлігі үнемі теріс мағынаға үгіттейтін ойындар мен қосымшаларды анықтап, дер кезінде бұғаттаумен айналысады. Елімізде суицидті насихаттайтын ойынның жетегінде кетіп, қайтыс болған жасөспірімдер дерегі ресми тіркелмеген. Ал соңғы жиілеп кеткен Алматыдағы қайғылы жағдайлар бойынша әр істе мән-жай әлі нақтыланып, тыңғылықты зерттеулер жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде