{metadescription}
Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің өлі денесі табылды
Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің өлі денесі табылды

Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің өлі денесі табылды

Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің өлі денесі қоқыс қасынан табылды. Марқұмның мәйіті бірнеше күн бойы далада жатып қалған сияқты.

Адам танымастай айуандықпен өлтірілген файтердің суреті ел арасында тез тарап кетті. Көзі шығып, денесі ісініп, қарайып кеткен. Адам қолынан мерт болған 30 жастағы Вусал Джафаров аралас жекпе-жектегі мансабын он жыл бұрын бастаған. Жергілікті промо-команда құрамында төрт кездесу өткізіпті. Соның тек біреуінде ғана жеңіске жеткен. Кейін қылмыс әлеміне жақын болып, сотталып та шыққан. Есірткіге әуес болуы мүмкін деген болжам бар. Себебі мәйтінің қасынан табылған айғақтар соған меңзейді.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Ер адамның жеке басы анықталды. Оқиға орнын тексергенде шприц, сондай-ақ ер адам шұлығынан ұнтақ табылды. Қаза тапқан адам бұрын тонау және бопсалау деректері бойынша сотталғаны анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде