{metadescription}
Астанада жылу беріле бастады
Астанада жылу беріле бастады

Астанада жылу беріле бастады

Астанада жылу беріле бастады. Әзірге орталық жылумен жабдықтау жүйесіне 162 әлеуметтік нысан қосылған. Оның қатарында білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері және елшіліктер бар. Қалада толық жылу берілетін күн де алыс емес.

Жарас Болатбек, Астана энергетика басқармасының жылумен жабдықтау бөлімінің бас маманы:

Астана Мәслихатымен бекітілген өзіміздің заң бар. Бес тәуліктің ішінде, 10 градустан төмен болған жағдайда, бізде жергілікті өзін басқару органдарымен жылыту маусымы қосылу және аяқтау туралы шешім қабылданды. Биыл Осы жылыту маусымын 26 қыркүйек күні қосуды жоспарлап отырмыз.

Алдағы жылыту маусымына елордалық әкімдік толықтай дайын. Осы уақытқа дейін қаладағы екі бірдей жылу электр орталығында тиісті жөндеу жүргізіліп, маңызды нысандар арнайы әзірліктен өтіпті.

Биыл он шақырымға жуық жылу желілері ауыстырылған. Синоптиктер алдағы күндері бас қалада, жалпы солтүстік өңірде күн суытып, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін деп отыр. Әсіресе түнгі уақытта сынап бағаны 2-7 градус аязға дейін төмендейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде