Бурабай аумағында екі көлік бұланға соғылып, жүргізуші ауруханаға түсті
Ақмола облысында бір бұлан екі көлікке соғылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Автор: Мерген Тоқсанбай
23.09.2024
Оқиға Астана-Петропавл тас жолының Бурабай аумағында болған. Түн ішінде тас жолды кесіп өтпек болған жабайы жануар алдымен Аudi көлігіне соғылып, кейін жолдың қарсы бетіне шығып, Toyota Prado-ның астына түскен. Жарақат алған жүргізуші ауруханаға жеткізіліпті.
Түн ішінде жабайы аңдардың жол үстіне шығып кетуі жиілеген. Жыл басынан бері Ақмола облысында осындай 8 жол апаты тіркеліп, 9 жолаушы жарақаттанып, бір адам қайтыс болған.
Әлия Біләлова, Ақмола облыстық ПД жетекші маманы:
— Алдын ала белгілі болғандай «Аudi» автокөлігінің жүргізушісі Астана қаласы бағытында бара жатып, бұланмен соқтығысқан. Осыдан кейін қисық сызықты аралықтан секірген бұлан «Toyota Prado» маркалы автокөлігіне соғылған. Жол көлік оқиғасы салдарынан «Toyota» автокөлігінң жолаушысы емдеу мекемесіне жүгінді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!