{metadescription}
Шымкентте қылмыс жасап қашып жүрген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Шымкентте қылмыс жасап қашып жүрген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Шымкентте қылмыс жасап қашып жүрген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Шымкентте қылмыс жасап шекара асқан қазақстандық Ресейден елге қайтарылды. Кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсті деп айыпталған ол былтырдан бері халықаралық іздеуде болған.

Тергеу мәліметінше, ол 2023 жылдың қыркүйек айында кәмелетке толмаған адаммен жалдамалы пәтерлердің бірінде жыныстық қатынасқа түскен. Қылмыс жасағаннан кейін ізін суытқан. Құзырлы органдар халықаралық іздеу жарияланған азаматты бір жылдан кейін Новосібір қаласынан тапты. Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға дереу экстрадицияланған. Енді ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Әсел Берқалиева, ҚР Бас прокуратурасының өкілі:

 ҚР Бас прокуратурасы он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Қазір тергеу изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.