{metadescription}
Алматыда бес қабатты үйдің жертөлесінде монша өртенді
Алматыда бес қабатты үйдің жертөлесінде монша өртенді

Алматыда бес қабатты үйдің жертөлесінде монша өртенді

Алматыда бес қабатты үйдің жертөлесінде орналасқан монша өртеніп, тілсіз жау 20 шаршы метрді шарпыған.

Өрт шыққан сәтте саунада жуынып жатқан ешкім болмаған. Қызыл жалынның нақты не себептен шыққаны әзірге белгісіз. Лаулаған от көрші орналасқан пәтерлерге зақым келтірген. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеті техника мен төтенше жағдайлар қызметінің 20 қызметкері жұмылдырылды. Алайда өртті жылдам сөндіру үшін ғимараттың күрделі салынған жобасы кедергі келтірген. Десе де төтеншеліктер жарты сағат ішінде қызыл жалынды ауыздықтап үлгерген. Абырой болғанда зардап шекендер жоқ.

Айта кетейік, Мамыр ықшам ауданындағы сауна жиырма жылдан бері жұмыс істеп келген.

Аслан Болатқан, Әуезов ауданы ТЖБ бас маманы:

23 қыркүйекте, 13 сағат 18 минутта Мамыр-7 ықшам ауданы, 16 үйде өрт болды. Қою түтіннен қорғау қызметі арнайы аппаратпен барлау жасап, өрт оқпандарын қолданды. АД-120 түтін шығаратын өртке қарсы машина тартылды. 14 сағат 35 минутта оқшауланып, 14 сағат 50-де сөндірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде