{metadescription}
Ғалымдар: АЭС салу — энергетика тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі
Ғалымдар: АЭС салу — энергетика тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі

Ғалымдар: АЭС салу — энергетика тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі

Энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тікелей жолы - Қазақстанда АЭС салу. Астанада президент жолдауын талқылаған ғалымдар осылай деп отыр. 

Марат Сәрсембаев, заң ғылымдарының докторы,профессор:

 Қазір АЭС құрылысын тұрғызуда тәжірибе мен біліктілік деңгейінің шарықтағаны сонша, оның сапасына күмәнмен қарауға болмайды. Бұл жұмысқа тартылған мамандардың өзі атом энергиясы мен ядролық энергия саласын бүге-шігесіне дейін меңгергендер. Сондықтан экономикамыз дамуы үшін бізге АЭС керек.

Ғалымдардың айтуынша, елімізде атом энергетикасы саласында білікті маман аз емес. Оның үстіне Қазақстанда атомдық нысан бұған дейін Ақтауда 25 жыл ешбір апатсыз жұмыс істеген. Отандық мамандарда бұл салада тәжірибеден де құралақан емес делінді бүгінгі жиында.

Елімізде атом энергиясынан өзге де баламалы энергия көздері бар. Бірақ қоршаған ортаны ластайтын көмір мен мазуттан бас тартатын уақыт жетті деп санайды олар.

Шардара, Бұқтырма, Қапшағай су электр станциялары сияқты нысан салуға қолайлы су қоймалар жоқтың қасы. Электр энергиясы тапшылығынан құтылудың тура жолы АЭС салу деп отыр ғалымдар. Оған қатысты нақты шешім 6-шы қазанда өтетін референдум қорытындысы бойынша қабылдануға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде