{metadescription}
Ақтөбе: Мектепке баратын сапасыз жолда не бағдаршам, не жарық жоқ
Ақтөбе: Мектепке баратын сапасыз жолда не бағдаршам, не жарық жоқ

Ақтөбе: Мектепке баратын сапасыз жолда не бағдаршам, не жарық жоқ

Ақтөбелік тұрғындар оқушылардың қауіпсіздігіне алаңдап отыр. Мәскеу деп аталатын ықшамауданда мектепке барып-келу қиямет қайымға айналған. Себебі: білім ошағы маңындағы жол шұрық-тесік, көшеде жарық жоқ.

Шолпан Мұқақова:

Жолды жасап, бағдаршам, жарық орнатсын. Бүкіл оқушылар осы жолмен өтеді. Шұрық-тесік жолды жасап берсе дейміз. Он жылдан астам шешілмей келе жатқан мәселе.

Бұл ауданның жолдары жасалмағанына көп уақыт болыпты. Мектеп маңындағы көшенің кейбіріне өмірі тас төселіп, асфальт салынбаған. Бірақ қаланың қақ орталығы болған соң, көлік нөпірі көп. Жеңіл машина да, жүк көлігі де қатынайды. Кептелісте тұрмау үшін тротуармен де айналып өтетін жүргізуші бар. Ата-аналар баласын көлік қағып кете ме деген үреймен жүр. Көше қиылыстарында бағдаршам да орнатылмаған. Күн қысқарғанда таң атпай, не кешке, оқушылардың қайтар кезінде көше тас қараңғы болады. «Жарық орнатуды шенеуніктерден сұрағанымызға бірнеше жылдың жүзі болды» деп ашынады тұрғындар. Ал әкімдіктегілер осы ауданға кешенді жоба қарастырылып жатыр деп жұбатып отыр.

Аслан Әлімбаев, Ақтөбе ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

 Қазір жоба-смета құжаттамалар жасалып жатыр, аяқталғаннан кейін сараптамаға кіреміз. Кейін уже бюджеттен өтінім сұраймыз, құрылыс монтаж жүргізуге. Аталған жобада жол, тротуар, жарық қарастырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде