{metadescription}
Шахтадағы жарылыс: Иранда үш күн аза тұтады
Шахтадағы жарылыс: Иранда үш күн аза тұтады

Шахтадағы жарылыс: Иранда үш күн аза тұтады

Ирандағы ең ірі көмір шахтасында болған жарылыстан қаза болған адам саны 51-ге жетті. Қайғылы оқиға елдің шығысындағы Оңтүстік Хорасан елді мекенінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа шахтаның екі жерінен метан газының тарауы себеп болған.

Кен орнында 69 адам жұмыс істеп жатқан екен. Жойқын жарылыстан тағы 20-дан астам адам зардап шеккен. Олар бірден ауруханаға жіберілді. Ал 700 метр тереңдікте әлі де 18 жұмысшының қалып қойғанын айтады.

Ел басшысы Масуд Пезешкиан шахтада қалған кеншілерді құтқару мен олардың отбасына көмек беруге тапсырма берді.

Иранда үш күндік аза тұту жарияланды.

Президент оқыс оқиғаға қатысты тергеу басталғанын айтты. Төтенше жағдай болған кеніш Ирандағы бай әрі көмір шығаратын ең ірі өндіріс орны болып есептеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде