{metadescription}
Халық ақыны Көпбай Әлімбетов 120 жасқа толды
Халық ақыны Көпбай Әлімбетов 120 жасқа толды

Халық ақыны Көпбай Әлімбетов 120 жасқа толды

Белгілі халық ақыны Көпбай Әлімбетов биыл 120 жасқа толды. Өткен ғасырдың 40-жылдары жарқ етіп шыққан төкпе ақынның құрметіне Шымкентте «Жасын жыр, саф алтындай сөз иесі» атты тағылымдық жиын өтті. Көпшілікке Көпбай ақынның бейнетаспаға жазылған жырлары да көрсетілді.

Көпбай ақын қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған уақытында қазақ даласында болып жатқан ащы шындықты қорықпай жырмен жеткізген. Тіпті Мұхтар Әуезов 1943 жылы ұйымдастырған алғашқы айтысқа қатысып, төкпе жырымен жұртты тәнті еткен. Көрнекті тұлғаны еске алуға арналған шараға қоғам қайраткерлері, ақындар мен Мәжіліс депутаттары қатысты. Олар Көпбай Әлімбетовтің дастан жырлары мен өлеңдері қазіргі ұрпаққа кеңінен дәріптелуі қажет дейді.

Ринат Зайытов, Мәжіліс депутаты:

 Бүгін 120 жылдығы деп, оны еске алып жатыр ғой, оңтүстік қана емес, бүкіл қазақтың тойлауы заңдылық. Оған біздің келуіміз де заңдылық. Көпбай атамыз тек ақын болғаны емес, сонымен қатар халыққа, қоғамға қызмет етуді үйретіп кеткен адам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.