Астанада LRT эстакадасына 38 жастағы ер адам асылып қалған
Көптің көзінше өзіне қол салған. Астанада атышулы LRT эстакадасында асылып тұрған 38 жастағы ер адамның денесі табылды. Марқұм қаладағы ауруханалардың бірінде жұмыс істеген деген ақпарат бар.
Автор: Мерей Қалиасқар
24.09.2024
Полицияға ЛРТ-ның күзетшісі хабар берген. Оқиға орнына дереу құтқарушылар жетіпті. Өйткені ер адамның денесін биіктіктен түсіру үшін өрт сөндіру көлігі қажет болған. Құрылыс алаңына барған тілшілерімізге жүзін жасырған сол күзетші өз көргенін баяндап берді. Айтуынша, құрылысшылар таңғы 7-де жұмысқа келген. Ал өзі сол мезетте дүкенге шығып кеткен. Дегенмен сол сәтте «аумақта ешкім болмады» деп отыр. Жұмыс орнына қайтып келгенде сұмдық көріністі көріп, зәресі ұшып, дереу 102-ге хабарлаған. Бөтен ер адамның қас-көздің арасында құрылыс аймағына енген сәті бейнебақылау камерасына да түсіп қалыпты.
— Көлігімен келіп, 10 минуттай ішінде сыра ішіп, содан ақсаңдап, тентіректеп кірген. Көпіәрдің үстіне шығып алып, екінші қабатында тұрған. Ол кезде адамдар жүрген, мен де байқамадым, шай ішуге кіріп кеттім. Әйтпегенде ... білсем, онда кіргізбес едім. Ажал айдап келді ғой.
Эльмира Шәуленова, Астана ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
—102 нөміріне Нәжімеденов көшесіндегі құрылыс нысандарының бірінде асылып қалған адам табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтады. Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!