{metadescription}
Алматыдағы элиталы мейрамхана қызметкерлері жалақысын ала алмай жүр
Алматыдағы элиталы мейрамхана қызметкерлері жалақысын ала алмай жүр

Алматыдағы элиталы мейрамхана қызметкерлері жалақысын ала алмай жүр

Алматыдағы мейрамхана қызметкерлері екі айдан бері жалақы ала алмай жүр. Элиталы дәмханалар желісі жұмысын тамыз айында тоқтатқанымен, қызметкерлерге еңбекақысын төлемеген. 100-ден астам адамның алдындағы жалақы қарызы 20 миллионға жуықтаған. Әкімшілік өз еркімен есеп айырспайтынын түсінген даяшылар енді құзырлы органдарға арыздануға мәжбүр. Өйткені мейрамхана иесі олармен кездесу түгілі, телефонын да көтермейді екен.

Элиталы мейрамханада жұмыс істеп нәпақасын тауып жүргендердің бүгінгі жағдайы мүшкіл. Біраз жылдан бері мүлткісіз еңбек еткендердің айтуынша, дәмхана иесі бұған дейін жалақысын кешіктіріп беріп, ақыр соңында миллиондаған еңбекақысын бермей кеткен. Тіпті байланысқа да шықпайды екен.

Шынар Тымақбаева:

Еңбек министрлігіне бардық, ешқандай жауап болған жоқ. Топта отыр, оқиды, жауап бермейді. Қазір талап етіп отырғанымыз  ақшамызды берсін! берсін. Осыншама адам не үшін ашуланып жүрміз? Ол кісінің бір сөмкесінің өзі мына тұрған 65 адамның жалақысы, шынын айтсақ.

Мейрамханадан тыс кез келген шақыртуға барып, банкет ұйымдастыратын Халида Дәулетбаева да жалақысын ала алмай жүр. Ол тіпті өз атына несие алып, даяшылар мен аспаздардың жалақысын төлеп берген екен. 

Халида Дәулетбаева:

Осы жылдың мамыр айынан бастап мен өткізген банкеттер мейрамханаға толық төлем жасаған. Ол сомаға даяршылардың, аспаздардың, ыдыс жуушылар мен басқа да жалданатын қызметкерлердің ақысы кіреді. Бірақ маған мейрамханадан ешқандай аударылым жасалмады. Сондықтан мен қызметкерлердің еңбекақысын төлеу үшін несие алуыма тура келді. Өйткені олардың өздерінің қарызы, асырап отырған бала-шағасы бар. Қазір маған мейрамхана иесі 2 миллион 93 мың теңге қарыз.

Асылбек Әбдірайымов, заңгер:

Қасақана еңбек кодексінің шартын бұзып, Parmigiano Grouр желісінің басшылары оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған. Жұмысқа қабылдау туралы келісімшарт кейбірімен толтырылған, кейбірімен толтырылмаған. 150 мың теңгені ресми түрде төлеген, ал қолдарына 500 мың конвертке салып берген.

Осылайша басы дауға қалған элиталы мейрамхана желісінің иесі Ольга Әбдіғаппарова қызметкерлерге қарыз екенін мойындап отыр. Бизнес-ледидің айтуынша, бірнеше ғимаратты жалға беріп отырғандар кенеттен келісімшартты бұзған. Сондықтан әйел қазір шарасыз күйге түсіп, қаржы іздестіріп жүр екен.

Ольга Әбдіғаппарова, Parmigiano Group компаниясының директоры:

Мейрамханалардың ішіндегі құрал-жабдықты алған бойда қызметкерлердің жалақысын төлеп беремін. Бұл  бірінші мәселе. Екінші қазір нақты қанша адамға қарыз екенімді айта алмаймын. Мен Алматыға келіп, құжаттарды өз қолыма алып, мәселені жан-жақты қарастыруым керек.

Қазір қалада қымбат мейрамханалар желісіне кіретін дәмханалардың төртеуі жұмысын тоқтатқан. Десе де осы желіге қарасты тағы екі дәмхана келушілерді қабылдап, кәсібін дөңгелетіп отырған көрінеді. Ал қарапайым жұмысшылардың бірнеше айдың жалақысын қашан алатыны әзірге белгісіз. Табысын күтуден шаршағандар енді құзырлы органдарға шағымданбақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде