{metadescription}
Өрт: Қостанай автобус паркінде бес автобус жанып кетті
Өрт: Қостанай автобус паркінде бес автобус жанып кетті

Өрт: Қостанай автобус паркінде бес автобус жанып кетті

Қостанай автобус паркінен өрт шығып, бес автобус жанып кетті. Өрт сөндірушілер тұрақтағы 27 қоғамдық көлікті тілсіз жаудан аман алып қалды.

Түнде тұтанған өрт 220 шаршы метр аумақты шарпыған. Автобус тұрағын түгел басқан қою түтінге қарамастан, өрт сөндірушілер қызыл жалынның бетін қайтарды  құтқарушылар қоғамдық көліктердің басым бөлігін өрттен аман алып қалды. Бірақ бес автобус жанып кеткен. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Өміржан Тұқышев, Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары:

16 техника, 55 адам жұмылдырылды. Қазір өрт орнында анықтаушылар мен өрт-сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр. Шығыны мен өрт себебі анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде