Жетісу облысында 34 жастағы әйел екі мың доза мефедронмен ұсталды
Ұсақ-түйек емес, ірі көлемде айналысқан. Жетісу облысында 2 мың доза мефедронмен 34 жастағы әйел ұсталды. Тауардың қара нарықтағы құны 20 млн теңге.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
24.09.2024
Тәртіп сақшылары күдікке ілінген әйелдің Тойота Ярис көлігін тінткен кезде тыйым салынған заттарды тапқан. Ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ сараптамаға жіберіліп, оның мефедрон екені анықталды. Бір келі синтетикалық есірткіні тасып тайраңдап жүрген талдықорғандық келіншек енді 15 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.
Жанар Халықова, Жетісу облысы ПД ресми өкілі:
— Тәркіленген заттың нарықтағы құны 20 миллион теңге. Бұл қара нарықтағы 2 мың дозаға тең. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жыл басынан бері Жетісу облысын ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 500 келіге жуық түрлі есірткі заттарын тәркіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!