{metadescription}
АЭС: Филиппин ядролық зерттеу институтының бөлім меңгерушісі пікір білдірді
АЭС: Филиппин ядролық зерттеу институтының бөлім меңгерушісі пікір білдірді

АЭС: Филиппин ядролық зерттеу институтының бөлім меңгерушісі пікір білдірді

Үшінші буын реакторы қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Қандай да бір қауіп-қатерді жетілдірілген пассивті жүйе арқылы болдырмауы — оның басты ерекшелігі. Филиппиндік ядролық зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Джеана Ли осылай деп отыр.

Джеана Ли Саблай, Филиппин ядролық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі:

Бұл реакторлар адамның араласуынсыз немесе сыртқы электр қуатсыз-ақ жұмыс істей алады. Мысалы, пассивті қауіпсіздік жүйесі салқындатуды табиғи айналым арқылы жүзеге асырып, су беруді қолдана отырып, салқындатуды қамтамасыз етеді.

Білікті шетелдік сарапшылар АЭС тақырыбы қозғалғанда түрлі сылтаумен тартыншақтап жататын мемлекеттердің бар екенін айтады. Мәселен, атом энергиясы жоқ елдер қажет тәжірибе мен білімінің жоқ екенін айтып, қауіпсіздік мәселесіне алаңдайды. Бұл ретте Radiant Energy өкілі Ричард Олингтон өзге елдердің тәжірибесін зерттеп, солардан сабақ алу керек деп санайды. Себебі әрбір ел өзіне тансық саланы меңгеруде бәрін жаңадан бастап көрді. Бұл қатарда атом энергетикасын игеруге бет алған Түркия, Мысыр, Бангладеш пен көрші Өзбекстан сияқты елдер бар. Олар бұл тұрғыда сенімді қадам жасап отыр.

Ричард Олингтон, Radiant Energy Group басқарушы серіктесі:

Атом электр станциялары бар елдер оның жұмысын қауіпсіз жүргізуге болатынын көрсетіп келеді. 20 жыл бұрын жұртшылық мұндай мүмкіндікке ие болатынана әсте сенбеген. Ол мемлекеттерде зерттеу реакторлары да, атом электр станцияларын қауіпсіз басқара алатын білікті мамандар да бар. Сонымен қатар бұл елдерде реттеуші талаптарды қатаң сақтауды қамтитын жүйе жасалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде