«Байтақ» және «Парасат» кәсіпкерлікті қолдап, инвестиция тартуға кіріспек
Өндіріс қалдықтары мәселесімен айналысады. «Байтақ» жасылдар партиясы мен «Парасат» кәсіпкерлік альянсы бірігіп, еліміздегі кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту ісіне араласпақ.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
24.09.2024
Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
— Кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту, қайта өңдеу бағытында. Мысалы Қазақстанда өндіріс қалдықтары бүгін 100 миллиард тонна. Кеңес Одағынан бастап қанша қалдық жиналып қалды.
Технология қарыштап дамыған 21-ғасырда өндіріс қалдықтарының өзінен құнды заттар өндіруге болады дейді «жасылдар». Мәселен, Кентау байыту комбинатынан шыққан қалдық өңдеуге бүгінде 10 млд теңге инвестиция құйылған.
Ал Ұлытау облысындағы 2009 жылы жекенің қолына берілген Қарсақбай қалдық қоймасы сол қалпы жатыр. Ондағы өндіріс қалдықтары өңделсе, пайдалы өнімнің сан түрін алуға болады дейді партиядағылар. Президент жолдауында айтылғандай, экономиканы көтеру үшін инвестиция тарту ісіне де араласпақ. Осындай маңызды істерге саяси партия кәсіпкерлік альянсымен бірлесе кірісу үшін бизнесті қолдау орталығын құратын болды.
Олег Пак, «Парасат» кәсіпкерлер альянсының төрағасы:
— Жолдауда айтылғандай, 2029 жылға қарай экономиканың екі еселенуі үшін өнеркәсіп кешендерін құруға үлес қосуымыз керек. Мысалы, көмірді терең өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыру — оны жағудан да пайдалы. Көмірден тыңайтқыштар мен полимер сияқты түрлі өнімнің 300-дей түрі алынады. Осындай жобаларды іске асыруда мұрындық болсақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!