{metadescription}
«Қиын кезеңнен өттім». «Астарлы ақиқат» ток-шоуының тізгінін алған азамат ...
«Қиын кезеңнен өттім». «Астарлы ақиқат» ток-шоуының тізгінін алған азамат ...

«Қиын кезеңнен өттім». «Астарлы ақиқат» ток-шоуының тізгінін алған азамат ...

Жаңа маусым, жаңа жүргізуші. «Астарлы ақиқат» ток-шоуының тізгінін алған азамат кім? Телевизиядағы 20 жылдан астам еңбек өтілінде танымал жобаларды жүрігзген — Асхат Садырбай . Журналист студияда түйткіл мәселенің түйінін тауып, жылағанды жұбатып қол ұшын созуға кірісті. Кейіпкерлердің өмірі жолын эфирде өрнектейтін журналист өзі жайлы не дейді?

Еңбек жолын Шымкенттегі жергілікті телеарнадан бастаған журналист бүгінде адал жар, қамқор әке. 20 жыл бойы телевизия саласының жілігін шағып, майын ішкен ол ауыл өмірін насихаттайтын бағдарламадан бастап, еліміздің танымал жұлдыздарымен де жұмыс істеген.

Асхат Садырбай, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі:

Елдің есінде қалған жобалар, Еларнадағы» Шіркін лайф» деген реалити-шоу. Қазақ тілінде салғаш рет үлкен рейтингіге ие болып, көпшілік тарапынан жақсы пікірге ие болған жоба. Сол арқылы көпшілік мені жақсы таниды, біледі. Одан кейін де басқа бағдарламалар болды, неше түрлі жобалар. Кинода да продюсер болып жұмыс істегенім бар.

Бүгінде көрермен көзайымына айналған «Астарлы ақиқаттың» жүргізушісі өмірінде бірталай қиындықты бастан кешіргенін айтады. Бірінші некесі сәтсіз болса да, Асхат тағдырдың сынағына еш мойымаған. Керісінше, бар күш-жігерін шығармашылыққа салып, түрлі бағдарлама арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленген. Тіпті осыдан сегіз жыл бұрын ауыр жол апатына ұшыраса да, телевизия саласын бір сәтке де тастамаған. 

Асхат Садырбай, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі:

Жамбасым бірнеше жерден, бұғанам да сынды, миым шайқалды. Бірнеше жыл емделуге тура келді. Қиын кезеңнен өттім. Өйткені бәрі бір-біріне қабаттасып кеткен уақыт болды. Төсек тартып, төрт ай қимылдамай жаттым. Шүкір, ешнәрсеге мойымай, таяқпен де жүрдік, балдақпен де жүрдік.

Бүгінде Асхаттың көптеген шәкірті бар. Журналистиканың қыр-сырын үйрететін арнайы мектебі де бар. Уақыты болса, 10 жыл бойы жастарға өз білгенін үйретіп келе жатқан журналист тәжірибесімен бөлісе бермек. Өйткені КТК телеарнасының павильонында «Астарлы ақиқаттың» жаңа шығарылымдары түсіріліп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде