{metadescription}
Балқашта құбыр ауыстырушылар жер астынан үш адамның сүйегін тапты
Балқашта құбыр ауыстырушылар жер астынан үш адамның сүйегін тапты

Балқашта құбыр ауыстырушылар жер астынан үш адамның сүйегін тапты

Балқашта құбыр ауыстырып жүрген жұмысшылар жер астынан үш адамның денесін тапты. Бірнеше жыл бұрын көмілген мәйіттер шіріп, тек сүйегі қалған.

Құбыр ауыстырып жүргендер алдымен бір адамның сүйегін көреді. Полиция адам сүйектерін алып жатқанда тағы екі адамның денесі табылған. Сот-медициналық сараптама табылған адам денелері жер астында бірнеше жыл жатқан деп болжайды. Өйткені етінен дым қалмаған. Сонымен қатар сүйектердің жатысына қарай үшеуі де қасақана өлтіріліп, көмілген болуы мүмкін деген жорамал бар. Полиция із түзсіз кеткендердің деректерін көтеріп, мәйіттердің жеке басын анықтауға кірісті. Қылмыстық іс қозғалды.

Айткен Қадрин, Балқаш қаласы полиция бөлімінің бастығы:

Үш адамның сүйегін табу дерегі бойныша үш қылмыстық іс қозғалды. Сот сараптамасы тағайындалды. Сүйектер Қарағанды қаласына сот сараптамасына жолданды. Соның қорытындысы бойынша саралаймыз және шешім қабылдаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.