{metadescription}
«Қасақана қойылған». Атырауда көпқабатты үй өртеніп, бір қария көз жұмды
«Қасақана қойылған». Атырауда көпқабатты үй өртеніп, бір қария көз жұмды

«Қасақана қойылған». Атырауда көпқабатты үй өртеніп, бір қария көз жұмды

Атырауда көпқабатты үйден өрт шығып, егде жастағы бір тұрғын көз жұмды. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, пәтерге өрт қасақана қойылған. Тіпті бұл қылмысқа қайтыс болған тұрғынның баласы кінәлі болуы мүмкін деген болжам бар. Полиция күдіктіні ұстаған.

Бәтима Нығыметова;

«Шығыңдар-шығыңдар, үй өртеніп жатыр, бензин» деген дауыстар шықты. Балаларды оятып, далаға атып шықтық. Шығып үлгердік, шыққаннан кейін қатты өртенді. Нақты айта алмаймын, бірақ сол жерде баласы бензин шашып, өрт қойыпты деген.

От түнгі сағат үш шамасында көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерден тұтанған. Құтқарушылар жүзге жуық тұрғынды эвакуациялаған. Алайда 70 жастағы кейуана қызыл жалын құшағында қалып қойған. Сондай-ақ 30 жастағы тағы бір тұрғынды күйік шалған. Төтенше жағдай департаменті өрттің қасақана қойылғанын сол бойда болжаған. Алайда болжамның себептерін ашып айтпады. Қазір құзырлы органдар қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Бағдат Абдуллин, Атырау облысы ТЖД басқарма басшысы:

Үй ішіндегі ішкі бұйымдардың өртенуі бойынша сол себептен, қасақана өрт қоюы болжамы алынып отыр. Әлі нақтыланбаған. Болжам түрде алынып отыр. Мұнымен полиция айналысып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде