{metadescription}
«Астарлы ақиқатта» айтылған азғындық бойынша қылмыстық іс қайта қозғалды
«Астарлы ақиқатта» айтылған азғындық бойынша қылмыстық іс қайта қозғалды

«Астарлы ақиқатта» айтылған азғындық бойынша қылмыстық іс қайта қозғалды

«11 жыл бойы қорлаған». Семейде қаршадай қызға көп жыл бойы азғындық жасады деген азамат істі болып жатыр. Жиен ағасынан зорлық көрген Еркеназ Оразғалиева «Астарлы ақиқат» ток-шоуына келіп, бар шындықты жайып салған. Содан соң бірнеше рет тоқталған қылмыстық іс қайта қозғалған.

Еркеназ Оразғалиева:

Порнография видеолар көрсететін. Сосын кішкентай қыздардың видеоларын көрсететін. Денемді қатты қысып ұстайтын. Сосын ұратын, қылқындыратын. Үйде ол кезде ешкім болмайтын. Кінәлі адамның өз жазасын алғанын қалаймын.

Сұмдық жағдайды Еркеназдың әкесі мен шешесі 10 жыл өте білген. Өйткені бойжеткен сол ағасының үйінде тұрып өскен. Қыздың айтуынша, «қарсылық білдірсең, ата-анаңды өлтіремін» деп қорқытқан. Оған қоса, мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып істеген азамат басқа да бойжеткендерге тиіскен көрінеді. Абай облысы полиция департаменті оған қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде