{metadescription}
Астанада екі жыл бойы заңсыз жұмыс істеп келген майнинг-ферма әшкереленді
Астанада екі жыл бойы заңсыз жұмыс істеп келген майнинг-ферма әшкереленді

Астанада екі жыл бойы заңсыз жұмыс істеп келген майнинг-ферма әшкереленді

Екі жыл бойы миллиондардың электр энергиясын ұрлаған. Астанада заңсыз жұмыс істеп келген майнинг-ферма әшкереленді. Сырттай шағын ғана нысан болғанымен, ферма бүтін бір аудан тұтынатын электр қуатын пайдаланған.

Тоққа бақандай 1300 майнингке арналған ақпараттық-бағдарламалық кешен, оны суытуға арналған желдеткіш құрылғылар қосылып тұр. Оған қосалқы трансформатор станция да алынған. Сөйтіп электр энергиясына болмашы тиын-тебен төлеген майнинг өндірісін дөңгелеткен. Ферманың жолын кескен Қаржы мониторингі агенттігі екі жылда тапқан пайданы да есептепті. Яғни құны 143 миллион теңгеден асатын криптовалюта өндірілген.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

Елорда аумағында тиісті лицензиясыз цифрлық активтерді заңсыз өндіру фактісі бойынша қылмыстық істі Қаржы мониторингі агенттігі тергеп жатыр. Күдіктілер 2022 жылдан бастап, 2024 жылдың мамыр айына дейін Астана аумағында белгіленген қуаты 980 квт болатын қозғалтқыштарды өңдеу орталығының түрінде жасырылған майнинг ферманың қызметін ұйымдастырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде