{metadescription}
«Көмірдің орнына атом». Астанада бейбіт атомның қуаты мен экология акциясы өтті
«Көмірдің орнына атом». Астанада бейбіт атомның қуаты мен экология акциясы өтті

«Көмірдің орнына атом». Астанада бейбіт атомның қуаты мен экология акциясы өтті

«Көмірдің орнына атом». Дәл осындай атаумен елордадағы саябақта бейбіт атомның қуаты мен экологиялық тазалығы акциясы өтті. Оған атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының өкілдері қатысып, арнайы әзірленген композициялар арқылы бейбіт атомның тиімділігін түсіндірді.

«Атоммен жарық – түтінсіз өмір» ұранымен өткен акция мұнай мен көмір секілді энергия өндірудің өзге де көздерінен атом энергиясының артықшылықтарын көрсетуге бағытталған. Білікті сарапшылар ядролық отынның жоғары энергия тығыздығы мен оның экологиялық тазалығын түсіндірді.

Атом энергетикасы жай ғана балама емес, болашақтың технологиясы екеніне кеңінен тоқталып, нақты мысалдар келтірілді. Айта кетейік, шара 28 қыркүйекте аталып өтетін Атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылып өткізілуде.

Софья Курий, Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының халықаралық ынтымақтастық менеджері:

Адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз, салмағы небәрі 4,5 грамм болатын уран таблеткасы шағын көрінгенімен, оның құрамында орасан зор энергиялық күш бар. Оның берген энергиясын өндіру үшін 350 литр мұнай немесе 400 келі көмір қажет болады. Ал атмосфераға бар-жоғы 20 грамм көмірқышқыл газы бөлінеді. Мұнай мен көмірдің атмосфераға зияны бұдан әлдеқайда көп, қоршаған ортаның нашарлауына әкеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде