{metadescription}
Астанада еліміздің жетекші туристік операторлары бас қосты
Астанада еліміздің жетекші туристік операторлары бас қосты

Астанада еліміздің жетекші туристік операторлары бас қосты

Астанада экологияға зиян келтірмей туризмді дамытудың жолдарын қарастырған еліміздің жетекші туристік операторлары бас қосты. Туризмді дамытқанда табиғатқа зиян келтірмей, экологияны сақтауды президент халыққа жолдауында атап өткен болатын.

Қазақстанның туристік индустриясын жақсарту үшін алдымен инфрақұрылымды жаңғырту қажет. Яғни,туристерді тартуға қызметі халықаралық стандартқа сай әуежай мен сапаржайлар, сапалы теміржол мен автокөлік жолдары сырттан келетін демалушылардың көңілінен шығуға тиіс деді жиналғандар. Бірақ, курортты аймақтарда қызмет түрін жақсартумен қатар, тұмса табиғатқа, қоршаған ортаға аса сақтықпен қарау бірінші міндет.

Ырысты Қарабаева, Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті

Қазақстанда тұрақты туризм жоқ. Тұрақты туризмді дамыту дегеніміз –айналадағы қоршаған ортаны қорғау, кейінгі ұрпаққа табиғат берген байлықты сол қалпы қалдыру. Жыл сайын сырттан келген туристерді ғана күтпей, ішкі туризмді дамыту. Бұл мәселені президентіміз халыққа жолдауында да айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.