{metadescription}
Алматы: Студент қоғамдық орында өзіне қол салды
Алматы: Студент қоғамдық орында өзіне қол салды

Алматы: Студент қоғамдық орында өзіне қол салды

Алматыда, әне-міне, режиссер боламын деп жүрген студент өзіне қол салды. Қайғылы оқиға қоғамдық орындардың бірінде болған. Марқұм Алматы менеджмент университетінің үшінші курсында оқыған.

Марқұмды ақкөңіл, ашық-жарқын жігіт еді деп сипаттады бүгін университет басшылары. Сабақ үлгерімі де жақсы болған екен. Өзіне қол салмас бұрын курстастарымен бірге киноға барыпты. Кинотеатрдан шыққан соң небәрі 20 жастағы студентті мұндай қадамға баруға не итермелегені әзірге белгісіз. Оның себебін енді полиция анықтайды. Суицид дерегі бойынша олар қылмыстық іс қозғаған.

Дидар Марданов, Алматы менеджмент университетінің коммуникация жөніндегі проректоры:

Өкінішке қарай, бүгін таңертең осы ақпаратты алдық. Бізге полициядан хабарласып айтты. Студент біздің университетте медиа-кино мектебінде оқыды, режиссер мамандығында. Үшінші курс студенті. Ең алдымен әке-шешесіне, жақындарына көңіл айтқымыз келеді. Ол біздің университет үшін үлкен қайғы. Студенттеріміз, өзіміз, әкімшілік бәріміз есімізден тана аздадық. Бар ақпаратым осы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.