{metadescription}
Алматы облысы: Зейнеткер әйелдің пәтеріне көз тігіп, өлтіруге тапсырыс беріпті
Алматы облысы: Зейнеткер әйелдің пәтеріне көз тігіп, өлтіруге тапсырыс беріпті

Алматы облысы: Зейнеткер әйелдің пәтеріне көз тігіп, өлтіруге тапсырыс беріпті

Баспанасы басып алу үшін бәріне дайын. 10 миллион теңгеге адам өлтіруге тапсырыс берген қаскөй ұсталды. Алматы облысында 51 жастағы ер адам зейнеткер әйелдің пәтеріне көз тігіп, улап өлтіруге тапсырыс беріпті.

Полицияның хабарлауынша, күдікті Үндістан елінің азаматы болған. Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысыпты. Егде жастағы әйелді осыдан 13 жыл бұрын келісілген пәтер мәселесіне қатысты өлтірмекші болған. Сөйтіп тапсырыс берушімен келіскен. Қазір 51 жастағы күдікті қамауда. Полиция оған қатысты тергеуді бастады.

Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

Тапсырыспен кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Қылмыстың себебі: 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу мәмілесімен байланысты. Күдікті қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде